$ 443.37  474.49  4.83

Оңтүстік Корея Қазақстан мұнайын сатып алудан бас тартты

Бұған дейін Оңтүстік Корея CPC Blend мұнайының тұрақты сатып алушысы болды.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Оңтүстік Корея Қазақстанның CPC Blend деп аталатын мұнайын сатып алуды тоқтатты. Олардың мұндай шешім қабылдауына не себеп десеңіз, кореялықтар аз күкіртті мұнайды сатып алу Қызыл теңіздегі хуситтердің шабуылы аясында тым қымбат және тиімсіз деп отыр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Standard&Poors порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Оңтүстік Корея CPC Blend мұнайының тұрақты сатып алушысы болды.

Новороссийск Қара теңіз портынан CPC Blend сортының мұнайы Суэц каналы арқылы Оңтүстік Корея порттарына жеткізіледі. Ақпан айында Қызыл теңіз арқылы логистикадағы қиындықтарға байланысты бірде-бір партия жеткізілмеген. Ал жеткізу құны өскен.

Оңтүстік Кореяның ірі мұнай өңдеу компаниясы SK Innovation және оның көліктік еншілес компаниясы SK Shipping қазақстандық мұнайды жеткізуге арналған CPC Blend логистикалық шығындарының күрт көбейгенін айтты. Сондықтан Сеулде орналасқан Корей мұнай қауымдастығының сарапшылары мұнай өңдеу зауыттары болашақта CPC Blend сортының шикі мұнайын сатып алуды айтарлықтай азайтады деп есептейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары