$ 441.58  480  4.86

Қазақстанда жерлеу қызметі де қымбаттады

Жерлеу қызметтері ең аз қымбаттаған өңірлер – Жамбыл облысы мен Алматы.

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Қазақстанда жерлеу қызметінің орташа құны 13 пайызға өсті. Бұл өсім негізінен коммуналдық қызметтер бағасының өсуімен байланысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Finprom дерегіне сүйенсек, биыл наурыз айының соңында жерлеу қызметтері айына 0,1 пайызға және өткен жылдың өзінде бағаның 24,6 пайызға өскеніне қарамастан, жылына тағы да 13 пайызға өсті. Дегенмен еліміздің жеті облысында баға мүлдем өзгермеген.

Жерлеу рәсімі Батыс Қазақстан облысында бір жылда 39,4 пайызға қымбаттады. Одан кейінгі орында Абай және Астана облыстары: 30,5 және 30,3 пайызға өсті.

Жерлеу қызметтері ең аз қымбаттаған өңірлер – Жамбыл облысы мен Алматы: 1,2 және 1,7 пайыза өскен. Шымкентте бір жылда баға 10,1 пайызға өсті.

Бір қызығы, бағаның көтерілу себептерінің бірі – әдетте сұраныстың артуы. Дегенмен, сарапшылардың пайымдауынша, елдегі өлім-жітім соңғы бір жылда 3 пайызға, жерлеу қызметтерінің жалпы көлемі 43 пайызға азайған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары