$ 441.58  480  4.86

Қазір бірлік керек, су тасқынынан қорғану үшін тірлік керек - Қуаныш Рахметоллаұлы

Жығылғанға жұдырық дегендей, көршіміз Ресейдегі жағдайда оңай болмай тұр. Дамбы жарылып, елді мекендерді су басуда.

Фото: kuanish.smagulov
Фото: kuanish.smagulov

Журналист Қуаныш Рахметоллаұлы Facebook парақшасында елдегі су тасқыны жағдайында халықты бірлікке шақырып және елді дүрліктірген жалған ақпарат пен блогерлерлер жайлы жазып, ойын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның жазуынша, халық, атқарушы билік, төтенше жағдай қызметкерлері, күштік құрылымдар күн-түн демей, жұдырық болып жұмылып, ел басына түскен қиындықты бірге еңсеруде.

"Тағы да Қазақ халқы күшіміз-бірлікте екенін бір паш етті. Бірі қапқа құм салып, бөгет жасаса, бірі азық-түлік әкеліп, еліміздің әр түкпірінен халық гуманитарлық көмек жинап, бірі тұрғындарды көліктерімен қауіпсіз жерге тегін жеткізіп, бірі ас-ауқат дайындап жүр. Хош, сонымен қарапайым халық, қиындыққа мойымай, әрекет етуде.

Журналист болғаннан кейін дәлел мен дәйек мен үшін бірінші орында. Бірақ осы қиын кезде, бәз біреулер, кейбір блогерлер, су тасқынынан есі шығып жатқан елді дүрліктіріп, аттанға салып, еш фактісіз ақпараттарды таратып жатуы орынсыз. Иә, бізге қазір бірлік керек, су тасқынынан қорғану үшін тірлік керек. Кінәлілердің жауап беретінін де ұмытпайық. Әйтпесе мына қызыл судың қарқыны оңай болмай тұр.

Жығылғанға жұдырық дегендей, көршіміз Ресейдегі жағдайда оңай болмай тұр. Дамбы жарылып, елді мекендерді су басуда. Демек судың мөлшері артып, өз деңгейінен едәуір көтерілуі, біздегі жағдайға да кері әсер етуде", - деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#су тасқыны