$ 441.58  480  4.86

Таразда көлік қағып кеткен әйел көз жұмды (ВИДЕО)

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Таразда көлік қағып кеткен әйел мерт болды. Қайғылы оқиға бүгін, 30 сәуірде таңғы уақытта болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

35 жастағы жаяу жүргінші әйел алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты. 30 сәуір күні таңғы сағат 4:30-да Тараздағы Шостакович көшесінде «Неке және отбасы» медициналық орталығына қарама-қарсы жерде BMW 525 көлігінің 23 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Әйел алған дене жарақатының салдарынан жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары