$ 441.58  480  4.86

Павлодарда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қызыл капюшоны бар жемпір, ашық көк түсті леггинс және қара аяқ киім киген.

Фото: Instagram/poiskoviki_pavlodara_vita
Фото: Instagram/poiskoviki_pavlodara_vita

Павлодарда жасөспірім қыз жоғалып кетті. Оның жоғалып кеткеніне бірнеше сағат өткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

@Pavlodarnews.kz жазуынша, «VITA» іздестіру жасағының еріктілері 15 жастағы павлодарлықты іздеуде. 

1 мамырда Руслана Ткаченко Радио зауыттағы үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған. Іздеу жасағының мәліметінше, туыстары мектеп оқушысының жоғалып кеткенін бірден жариялап, іздеуге негіз болған.

Руслананың бойы – 156 сантиметр, арықша келген, шашы ақсары түсті. Қызыл капюшоны бар жемпір, ашық көк түсті леггинс және қара аяқ киім киген.

Еріктілер жоғалған жасөспірім туралы ақпарат болса, келесі нөмірлерге қоңырау шалуды сұрайды: +7 747 615 5563 немесе +7 777 334 8201.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары