$ 443.37  474.49  4.83

Астанадағы даңғылдардың бірін су басты

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылған.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Астана даңғылдарының бірін еріген қар су басып қалып, көлік қозғалысына кедергі келтіруде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Астанада қар жинау палигонында еріген қар суы ағындары Ұлы Дала даңғылының бойында жол төсеміне жайылып жатыр», - делінген жұма күні таратқан хабарламада.

Атап өткендей, оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары