$ 443.37  474.49  4.83

Бишімбаевтың ісін жүргізіп жатқан судьяны белгісіз біреулер қорқытқан

Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Жоғарғы Сот Бишімбаев пен Байжановтың ісі бойынша судья А.Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жоғары соттың мәліметінше, судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.

"Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі Іс жүргізу басталды". 

Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталғанын атап өтті.

"Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі (Судьяға жала жабу) бойынша қылмыстық іс қозғады", деп мәлімдеді ҚР Жоғары соты баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Жоғары сот заң кез келген адамға сот төрелігін жүзеге асыру процесіне, оның ішінде судьяның атына жала жабу немесе қорқыту сипатындағы материалдарды жариялау жолымен, ықпал етуге тыйым салатынын ескертті.

"Сот билігінің беделін түсіретін әрекеттердің жолы кесілетін болады.", деп түйіндеді Жоғары сот

Айта кетейік, экс-министр мен оның інісінің ісі елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Судья болып осы соттың төрағасы Айжан Құлбаева тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары