$ 441.58  480  4.86

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы

Павлодар облысының солтүстігінде сынап бағаны -2°C көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, республикамыздың басым бөлігінің ауа райына атмосфералық фронтальды бөліктердің әсері болады, осыған байланысты солтүстік-батыс, солтүстік, орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауады, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде аралас жауын-шашын болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Республикамыз бойынша желдің екпін алуы күтіледі, еліміздің батысында, орталығында, шығысында найзағай ойнайды, батыс, солтүстік-батыс өңірлерде бұршақ жауады, сондай-ақ еліміздің батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында қатты жел тұрады, солтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде тұман болады деп болжанады. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде сынап бағаны -2°C көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі, - дейді синоптиктер.

Болжамға сәйкес, Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорда қаласының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Жетісудың батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары