$ 441.58  480  4.86

Костенко шахтасы түтіндеп, 200-ге жуық кенші эвакуацияланды

Оқиғаны бақылау үшін учаске басшылары мен жетекшілерінен 7 жұмысшы орнында қалды.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында тағы да өрт тұтанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыда Костенко атындағы шахтада 4 конвейер штрегі түтіндеген.

Бықсуды алғашқы өрт сөндіру құралдарының көмегімен конвейер трассасының электр слесары Айбар Қосанов сөндірді.

Төтенше жағдай министрлігінің мәлімдеуінше, кенші оқиға туралы хабарлап жатқанда шахтаның басқару бөлмесінде түтін сигнализациясы іске қосылған.

Сағат 19:45–те сигнализацияға байланысты түтін сөндірілгеніне қарамастан эвакуация жоспары бойынша шахтадағы 194 кеншіні сыртқа шығару жөнінде шешім қабылданған.

Сағат 21:47–де 187 кенші жер бетіне шығарылды.

Оқиғаны бақылау және шахтаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін учаске басшылары мен жетекшілерінен 7 жұмысшы орнында қалды.

Алдын ала себеп — төменгі төсемнің ролигіне бөгде зат түсіп, оның жұмысын тоқтатып тастаған. Содан конвейер лентасы бықсыған. 

Еске салсақ, өткен жылы 28 қазан сағат 2:33–те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болып, 46 кенші қаза тапты. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, жер бетіне 205 шахтер шығарылды.

Осы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанда 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сондай-ақ, «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.

9 желтоқсанда шахтадағы жарылысқа ұласқан өрттің себептерін тексеру жөніндегі Үкімет комиссиясының қорытынды отырысы өтті. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жұмыс берушінің кінәсі 100% анықталып, жұмысты қауіпсіз орындау талаптарын бұзған 19 жауапты тұлға анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары