$ 443.35  475.54  4.82

Миы шайқалып, екі ота жасаған: Павлодарда қайнысы жүкті жеңгесін өлімші етіп сабаған

Өзін кімнің ұрып- соққанын да есіне түсіре алмады. Аяғының ауыр болғанын ғана біледі.                                                                         

 

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Павлодарда қайнысы жүкті жеңгесін өлімші етіп сабаған. Салдарынан іштегі бала шетінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

 Сұмдық оқиғадан әйел есін жоғалтып алған. Қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Аталған іске қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынған.

Жапа шеккен әйел қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Қатты соққыдан басы жарылып, миы шайқалған. Өзін кімнің ұрып- соққанын да есіне түсіре алмады. Аяғының ауыр болғанын ғана біледі.                                                                         

Иә, мен жүкті екенімді білдім. Ол менің есімде. Менің ішімде қыз болды. Мен көтергеннен бастап қыз болды. Сосын атында қойғымыз келді, - деді Гүлмерей Қарсыбаева.

Дәрігерлер науқастың ауруханаға ауыр жағдайда келгенін айтады. Бір уақытта екі бірдей ота жасаған. Жарылған басын тігіп, шайқалған миын салыпты. Ал іштегі 9 айлық баланы кесір тілігі арқылы алған. Бірақ, нәресте соққыдан көз жұмса керек. Өлі туылыпты.

Науқастың басындағы жарықтың көлемі 8-9 сантиметрдей болды. Біз оның зақымданған бөлігін алып, орнын тіктік. Бас ми жарақаты кезінде есін жоғалту қалыпты құбылыс. Уақыт өте келе біртіндеп қалыпқа келеді, - деді Павлодар қалалық №1 аурухананың дәрігері Дәурен Сафиулла.

Ал жеңгесін соққыға жыққан жас жігітке қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынған. Оның қылмыс жасаған кезде есірткі қолданғаны анықталды.

Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу бастады. Аса ауыр қылмыс жасаудағы күдікті қамауға алынды. Күдікті есірткіге мас күйінде үлкен ағасының жұбайына дене жарақатын салғаны анықталды. Жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілмейді, -  деп деп мәлемдеді прокуратура.

Ал қайнысының не себепті жеңгесін сабағаны беймәлім. Жеңгесі де оқиғаның қалай болғанын есіне түсіре алмады. Сол сәтте күйеуі де үйде болмапты. Енді істің мән-жайын сот анықтайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары