$ 443.35  475.54  4.82

Алматыда ер адам тұрғын үй күзетшісін көлікпен қағып, өлгенше тепкілеген (ВИДЕО)

Жәбірленуші ауруханада қайтыс болып, шабуылдаған ер адам ұсталған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда ер адам тұрғын үй күзетшісін көлікпен қағып, аяқпен тепкілеп өлтірген. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бұл Алматы. Мұнда өткен түнде элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетші мен тұрғын арасында қақтығыс болды. Нақты не болғаны әзірге белгісіз, алайда үй тұрғыны күзетшімен сөйлескеннен кейін көлігімен қақпаны соғып, содан кейін көлікпен күзетшіні қағады, сосын оны аяғымен тепкілеп, өлімше етіп сабады. Жәбірленуші ауруханада қайтыс болып, шабуылдаған ер адам ұсталған», - деп жазды журналист.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, күзетші мен ТК тұрғыны арасында жанжал туындап, 45 жастағы ер адам күзетшіге ауыр дене жарақатын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады полиция.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары