$ 443.35  475.54  4.82

Жанкелді Шымшықов: Біздегі Ислам надандық жолымен кетті

Қоғам кері кететін болса, ол дінге көбірек бой ұрады. Оған бүгінгі күннің қызығы, рахаты, тамашасы маңызды емес.

Экономист, сарапшы, Мәскеу халықаралық Аграрлық білім академиясының академигі Жанкелді Шымшықов «Qasqa jol» ютуб-арнасында қонақта болды. Сұхбатында экономика саласы мен діннің байланысы бар ма, Қазақстандағы діннің дамуы, діншілдер (дін фанаттары) мен мұсылмандардың айырмашылығы, схоластикалық дін мен ғылыми діннің аражігі жайында ой өрбітті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ескі Қазақстанның ұраны - «әуелі экономика, сонан кейін саясат» еді. Оның жалған екенін мен бірнеше рет дәлелдеген ем. Өйткені жалаң экономика болмайды. Ешкім басқа саламен байланыссыз әроекет асай алмайды. Сондықтан да «ең әуелі экономика» емес, сол экономиканы қамтамасыз ететін алғышарттарын жасау керек. Ал ол шарттарына саясат та кіреді, діни, рухани, мәдени, тағы әлеуметтік , яғни барлық қатынастар кіреді, бәрі экономиканы дамытуға негіз болады.

Экономиканы алға сүйрейтін күш ретінде дін де, идеология да, саясат та, әлеуметтік ауқаты мен ахуалы да, бәрі де экономиканы сүйретпе қылады. Ал әуелі экономиканы жасаймыз деген ол – қиял-ғажайып ертегі деп кезінде айтқанмын.

Қазақстан тарихында ең алғашқы мәдени-діни конференция өткізген мен болатынмын. 1995 жылы, ол кезде облыс орталығы, Сарыарқаның төсіндегі Ақмола деген қалада 20-21 шілдеде, Ақмола қаласының мешітінің имамы Файзолла имам және сондағы белсенді кісілер – Шаханов Елтай, Алдан Смайылов, Қанат Қалиев деген тағы басқа белсенді азаматтар бірігіп «Ислам мәдениетінің Қазақстан қоғамдық дамуындағы орны» деген конференция өткізгенбіз. Үш түрлі секция жұмыс істеген - теологиялық, әлеуметтік-экономикалық және тарихи секция жұмыс істеп, адамдар өзара пікірталасып, ой алмасты. Бірінші күні халифа Алтай конференцияны ашып, бастап берді. Екінші күні Рәтбек қажы болды.

Негізгі мақсатымыз қаулы қабылдау еді. Неге? Сол кезде дінге деген жол ашылған кезде Алматыдағы ҚМДБ жан-жаққа шәкірттерді жібере бастады. Пакистанға да, Ауғанстанға да, Сауд Арабиясына да. Сонда біздің ұстанған Ислам қайсысы болмақ, ақиқаты ма, әлде керісінше ме деген сауал туындады.

Әрі қарай Жанкелді Шымшықов неге халық тек қана дінге бой ұрып, мәдени-әлеуметтік белсенділіктен бас тартатынын тарқатып түсіндірді. Оның айтуынша, адам өзіне, билікке, қоғамға сенімі қалмағанда тек қана Құдайға сүйенеді. Бұл әсіре діншілдікке алып келеді.

Қоғам кері кететін болса, ол дінге көбірек бой ұрады. Оған бүгінгі күннің қызығы, рахаты, тамашасы маңызды емес. Оның бар ойы ертең, о дүние, бақиға көшкен кезде жұмаққа бару. Ендеше бар ұмтылысы – молдалардың айтқан әрекеттерін орындап, бес парызын орындап, түк бітірмесе де діни тәртіп бұзбай өмірден өтіп, ертең жұмаққа бару. Болды ешқандай мақсат жоқ. Ұлтың көтерілсін, 30 елдің қатарына шықсын немесе басқа ұлттық-идеологиялық мақсат-мүддесі болмайды. Мұндай көзқарастың берері шамалы. Сондықтан егер де қоғам алға бассын, экономикамыз көтерілсін десек, біз – дінге шектеу қою емес, діннің дұрыс қағидатын және оның көздеген шынайы мақсаты мен адамға артатын міндетін, ақиқатын жеткізуіміз керек. Қазір бізге керегі атеизм емес, бізге Исламның шынайы бағыты мен мұратын, мақсатын насихаттау керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары