$ 443.35  475.54  4.82

Боао Азия форумы: AIF және BFA арасында меморандумға қол қойылды

AIF және BFA екі диалог алаңының күш-жігерін біріктіріп, ортақ мақсатты көздейтін бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Астана халықаралық форумы мен Боао Азия форумы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Боао Азия форумының сессиясына қатысуы барысында Астана халықаралық форумы (AIF) мен BFA арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібін бірлесіп ілгерілетуге, сондай-ақ үздік әлем құру жолындағы көпжақты серіктестік пен ұжымдық жауапкершілікті нығайту жөніндегі жаһандық шараларды қолдауға ниетті.

AIF және BFA екі диалог алаңының күш-жігерін біріктіріп, ортақ мақсатты көздейтін бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары