$ 443.35  475.54  4.82

«Крокустағы теракт» құрбандардың саны 551 адамға жетті

Олардың көпшілігіне амбулаторлық көмек көрсетілген.

Фото: РФ Денсаулық сақтау министрлігі
Фото: РФ Денсаулық сақтау министрлігі

«Крокус Сити Холлдағы» лаңкестік шабуыл салдарынан зардап шеккендер саны артты. Бұл туралы Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы шенеунік өзінің Telegram арнасында 29 наурызда бөлісті.

Крокус Сити Холлдағы теракт құрбандарының саны 551 адамға жетті, - деді Мурашко.

Олардың көпшілігіне амбулаторлық көмек көрсетілген.

Сондай-ақ, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің 28 наурыздағы мәліметі бойынша, 74 адам федералды мекемелердің ауруханаларында, Мәскеу облысы мен Мәскеудегі ауруханаларда ем алуды жалғастырды.

Олардың үшеуінің жағдайы өте ауыр: бұл оқтан ауыр жарақат алған, сондай-ақ оқ жарақаттары мен күйіктердің тіркесімі бар науқастар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары