$ 439.43  473.31  4.82

«Менен сіздерге не керек?»: Сот Нүкенованың ағасына ескерту жасады

“Мен өлген қарындасымның денесінен көптеген жарақат көрдім, менен сізге не керек?".

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министрдің адвокаттары Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіге бірқатар сұрақ қойып, оны ашуландырып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бишімбаевтың адвокаттарының бірі Ерлан Ғазымжанов Айтбек Амангелдіден “Салтанаттың денесін көрдіңіз ба, сараптама нәтижесін көрген шығарсыз, оның миының тұсы ойылып, көзі шығып кеткен бе” деп сұрады. 

Жауап берушіге бұл сұрақ ауыр тиіп, ол теріс бұрылып кетті. 

Нүкенов отбасының адвокаттары “ол бұл сұраққа жауап беретіндей осы саланың маманы емес, сараптама нәтижесін қараңыздар, сол жерде бәрі бар” деп шағымданды. 

Бишімбаевтың адвокаты “мен жәй ғана көрдіңіз бе” деп сұрадым деп ақталды. 

“Мен өлген қарындасымның денесінен көптеген жарақат көрдім, менен сізге не керек? Сараптама жасалған суреттерді алып, кестені көріңіз. Оны неге менен сұрап тұрсыз?” деп ашуланды Айтбек Амангелді. 

Судья “сіздің жағдайыңызды түсініп тұрмыз, сонда да сабыр сақтауға тырысыңыз. Тәртіп сақтамағаныңыз және сотқа құрметсіздігіңіз үшін жауапқа тартылуыңыз мүмкін. Қорғаушылар, сұрақты дұрыс қойыңыздаршы” деп ескерту жасады. 

Сонымен қатар Бишімбаевтың қорғаушылары Салтанат Нүкенова күйеуін ұрды дегенге келтіруге тырысты. Марқұмның ағасы қарындасының салмағы 45-50 келі болса, айыпталушыныкі одан екі есе көп екенін атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 9
Ашулы 9

Серіктес жаңалықтары