$ 443.35  475.54  4.82

Тараз тұрғыны әпкесінің атына жасырын түрде үш несие рәсімдеп жіберген

Жәбірленуші өз атында несиелердің бар екенін мүгедектігі үшін алатын зейнетақысынан ақшалай қаражат ұсталған кезде білген.

Фото: © elements.envato.com
Фото: © elements.envato.com

Тараз қаласының тұрғыны әпкесінің атына жасырын түрде үш несие рәсімдеп жіберген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тараз қаласының полициясына өз атында несие тұрғанын көріп, интернет-алаяқтардың құрбаны болдым деп ойлаған жергілікті тұрғын шағымданды.

«Арызында ол ешқандай несие алмағанын көрсеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бірнеше ай ішінде әйелдің інісі өзінің телефонына әпкесінің атынан банктің мобильді қосымшасын орнатып алып, жалпы сомасы 1 782 480 теңге көлемінде үш рет ақшалай несие рәсімдегенін анықтады», - делінген хабарламада.

Жәбірленуші өз атында несиелердің бар екенін мүгедектігі үшін алатын зейнетақысынан ақшалай қаражат ұсталған кезде білген.

Полиция қызметкерлері алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары