$ 514.5  582.67  6.35

Халық банк Құлыбаевтарға шамамен 223 млрд теңге дивиденд төлейді

Ақшаның көп бөлігін Тимур мен Динара Құлыбаевтар алады.

 

Фото: Ulysmedia
Фото: Ulysmedia

Халық банк акционерлерінің 30 сәуірдегі жылдық жиналысында 2024 жыл үшін қарапайым акциялар бойынша 323,5 млрд теңге дивиденд төлеу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

KASE мәліметінше, дивиденд төлеу туралы шешім «сырттай дауыс беру» нәтижесінде қабылданған. Бір қарапайым акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері – 29,64 теңге. Банк акционерлеріне төленуге тиісті дивидендтер сомасы – 323 490 914 502,60 теңгеден аспайды.

Акционерлерге тиесілі ақшаны төлеу 22 мамырда басталады. Дивиденд алуға құқығы бар акционерлер тізімі 5 мамырда дайындалады.

Қор биржасының мәліметінше, Халық банктің қарапайым акцияларының 69,77%-на Holding Group Almeks JSC компаниясы иелік етеді. Ол Тимур мен Динара Құлыбаевтарға тиесілі. Сол себепті Құлыбаевтар отбасы қаржы мекемесінен шамамен 223 млрд теңге дивиденд алады.

Қарапайым акциялардың 28,11% номиналды ұстаушысы – The Bank of New York. Бағалы қағаздар Лондон қор биржасында (LSE) жаһандық депозитарлық қолхат (GDR) түрінде саудаланады.

Халық банк (Halyk Bank) 2024 жылы 921 млрд теңге таза пайда тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 5
Күлкілі 2
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары