$ 449.58  486.94  4.86

Кәсіпкерлер онлайн бақылау-кассалық машинасын пайдалануға толықтай көшпек

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекс бойынша, барлық кәсіпкерлер фиксациялау және мәліметтерді жолдау қызметі бар бақылау-кассалық машинасына (БКМ) көшуі тиіс. Бұл Қаржы министрлігінің 2018 жылдың 16 ақпанда жарияланған бұйрығы бойынша бекітілген. 

Демек, енді еліміздегі барлық кәсіпкерлер осы тәртіп бойынша жаңа қызметі бар кассалық аппаратпен төлем қабылдауды жүзе асыру керек. Кәсіпкерлер жаңа онлайн-БКМ сатып алу арқылы немесе ескі аппаратты онлайн режимге өзгерту арқылы жүзеге асыруға болады.

«Онлайн БКМ-ын пайдалану көлеңкелі экономиканы төмендетуге, салықтық әкімшілікті жетілдіруге, салықтық тексерулерді азайтуға мүмкіндік береді. БКМ мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың бірден-бір құралы саналады», - деп хабарлайды ведомство өкілдері.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегіне сәйкес, 2019 жылдың 1 мамырына дейін мәліметтерді жолдау қызметі жоқ 255 191 бақылау-кассалық машинасы тіркелген. Атап айтқанда, 181 566 аппартқа (71,1%) онлайн БКМ бағдарламалық жүйесін жаңарту жұмыстары жүргізілген. 

Сонымен қатар, телекоммуникациясы жоқ жерлерде кассалық аппараттарды онлайн-БКМ-ын жаңартудың қажеті жоқ. Елімізде ондай кассалардың саны 12 мыңға (4,7%) жетіп жығылады. Ал, бағдарламалық қамтамасыз ету (аппараттық-бағдарламалық кешен) бойынша 32 110, яғни, 12,6 %-ды құрайды. Қалған 32 110 (12,6%) фиксациялау және мәліметтерді жолдау қызметі бар бақылау-кассалық машинасын пайдаланудан босатылған. 

Айта кетсек, кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында онлайн бақылау-кассалық машиналарын сатып алу кезінде 60 000 теңге көлемінде салық жеңілдігі қарастырылған. Бұл бастамалар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кәсіпкер