$ 446.49  475.38  4.79

Елордада Жаһандық қаржы медиа хабы құрылады

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың XVI Еуразиялық медиа форум қатысушыларына құттықтау жолдағанын хабарлаған едік.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Нұр-Сұлтан қаласында Іскерлік медиа хабын құру жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еуразиялық медиа форум - бұл медиа проблемаларын талқылауға арналған қарапайым тұғырнамаға қарағана мәні жоғары шара. Бүгінде онда экономикалық, қаржылық, саяси, геоэкономикалық мәселелер талқыланады. Сондықтан АХҚО үшін бұл форумның жұмысына қатысу өте маңызды», - деді Қайрат Келімбетов Алматыда өтіп жатқан XVI Еуразиялық медиа форум аясында берген сұхбатында. 

Оның атап өтуінше, АХҚО-ның бұл форумда өзінің жетістіктері мен жұмыс жоспарларын бөлісуіне тамаша мүмкіншілік бар. 

«Жалпы, біз мемлекеттік органдармен, оның ішінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен Нұр-Сұлтан қаласында жаһандық қаржылық медиа хабын құру мүмкіншілігі тұжырымдамасын қарастырып жатырмыз. Қазірдің өзінде Bloomberg, CNN, Reuters сынды компаниялармен қатар Еуропа елдерінің, Қытайдың іскерлік медиасы бар», - деді ол. 

Қайрат Келімбетов қазіргі уақытта «Астана» халықаралық қаржы орталығы жаһандық және отандық бұқаралық ақпарат құралдарымен орталық туралы ақпараттарды тарату мақсатында жұмыс істеп жатқандығын айтты. 

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың XVI Еуразиялық медиа форум қатысушыларына құттықтау жолдағанын хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары