$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте «Мен кәсіпкер боламын!» бағдарламасы іске қосылды

Мегаполис шаһарда 15 сәуірде жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында арнайы бағдарламаның тұсауы кесілді. Шымкент қаласының 2019-2021 жылдарға арналған «Мен кәсіпкер боламын!» бағдарламасы 5 бағыт бойынша жүзеге асырылады.

1. Жастар және әйелдер кәсіпкерлігіне 1 пайыз жеңілдікпен несие беру (Бұл ретте бағдарламаға 21-29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер және 21-58 жас аралығындағы кәсіпкер әйелдер (ЖК немесе заңды тұлға) қатыса алатынын атап өткен жөн);

2. Шағын агрофермаларды ұйымдастыру үшін жер телімдерін беру;

3. Көше саудасы объектілеріне жер телімдерін беру;

4. Электрондық коммерцияны қаржылық ынталандыру;

5. Франшизаны қаржыландыру.

Сонымен қатар кәсіпкерлер заңгерлік, бухгалтерлік қызметтерді, бизнес-жоспарлауды, бизнесті сүйемелдеуді, "Атамекен" ӨКП қызметтерін, ХҚКО, РФ "Даму "КДҚ", кедендік қызметтерді, логистика және рұқсат беру құжаттары бойынша қызметтерді, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігі басқармаларының қызметтерін ала алады.

                                                                                                                 «SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары