$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстан Бразилияның тау-кен өндіру саласына 1,5 миллиард доллар инвестиция құятын болды

«Eurasian Resources Group» тобының еншілес кәсіпорны саналатын «Bahia Mineração» (40%-ы Қазақстан Үкіметіне тиесілі) Баия штатында «Pedra de Ferro» темір-руда өндірістік кешені жобасын жүзеге асырады.
фото: "Капитал"
фото: "Капитал"

ERG компаниясының темір-руда өндірісі кешені жобасына салатын инвестиция көлемі 1,5 млрд доллар, деп хабарлайды "Капитал" іскерлік ақпарат орталығы.

Қазақстан елшісі Қайрат Саржанов бразилиялық Баия штаты әкімшілігі мен «Bahia Mineração» компаниясы арасындағы келісімге қол қою салтанатына қатысты. Аталған құжатқа сәйкес, Ильеус муниципалитетінің Аритагуа ауданында «Porto Sul» теңіз порты құрылысы жобасы жүзеге асырылуы тиіс. 

«Eurasian Resources Group» тобының еншілес кәсіпорны саналатын «Bahia Mineração» (40%-ы Қазақстан Үкіметіне тиесілі) Баия штатында «Pedra de Ferro» темір-руда өндірістік кешені жобасын жүзеге асырады. Бұл ретте ERG-ге тиесілі жалпы инвестиция көлемі 1,5 млрд. доллар. 

Bahia Mineração «Porto Sul» теңіз портына инвестиция құюды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, Батыс-шығыс интеграциялы теміржолы телімі құрылысына атсалысуды көздейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары