$ 447.4  477.55  4.76

Ғабидолла Әбдірахымов Ұлыбритания компанияларын Шымкентке инвестиция құюға шақырды

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігініӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Джон Гиффордпен кездесті.

Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық пен қаланың даму әлеуеттері және инвестиция тарту мәселелерін талқыланды. Қала әкімі Қазақстан мен Ұлыбритания арасында тығыз және сенімді қарым-қатынас қалыптасқанын айтып, Ұлыбритания сауда айналымы бойынша Қазақстанның он сауда серіктестері қатарында екенін атап өтті. Сонымен қатар Біріккен Корольдік Қазақстандағы ірі инвесторлардың арасында алтыншы орында екенін жеткізді.

Шымкент Орталық Азиядағы ең тартымды қалалардың бірі және негізгі транзиттік дәліздерді байланыстыратын ірі көлік хабы болып табылатынын айтқан Ғ.Әбдірахымов британдық компанияларды ақпараттық технологиялар, цифрландыру, сондай-ақ SmartCity бастамаларына инвестиция салуға шақырды. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігініӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Джон Гиффорд өз елінің кәсіпкерлері бұл ұсынысты қабыл алады деген сенімде екенін жеткізді.

 «SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары