$ 448.15  483.46  4.86

Доллар бағамы тағы арзандады

Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға - 380,5 теңге, ал ең жоғарысы 381,07 теңге болды. Сауда көлемі 42,374 млн долларға жетті.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 доллар үшін 380,97 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап. 

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 7,78 теңгеге арзандады. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға - 380,5 теңге, ал ең жоғарысы 381,07 теңге болды. Сауда көлемі 42,374 млн долларға жетті. 

Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 382,75 теңгені, күндізгі сессияда 382,02 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 382,38 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 121,911 млн доллар. 

Еске сала кетейік, Қазақстан қор биржасында сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 0,87 теңгеге арзандап, 1 доллар үшін 382,75 теңгені құраған еді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
Доллар бағамы төмендеді
Келесі жаңалық
Мұнай бағасы қымбаттады

Тегтер:

#KASE