Соңғы жаңалықтар

Экономика
Украинаның ең танымал телеграм-каналының иесі табыс сырымен бөлісті

Украинаның ең танымал телеграм-каналының иесі табыс сырымен бөлісті

Андрей Бродецкий Украинаның танымал «Технология, медиа және қоғам» телеграм-каналын жүргізеді. Бүгінде оны 31 мың адам оқиды. MEAT Studies онлайн-кеңістігіндегі лекциясында ол табысты Телеграм-каналды жүргізудің құпиясымен бөлісті.

Шымкентте "Бизнеске арналған Үкімет" жобасы жұмысын бастады

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасының «SHYMKENT» ӘКК» АҚ-мен бірлесе қолған алған "Бизнеске арналған Үкімет" жобасының тұсауы кесілді. Оған "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин, қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев, "SHYMKENT" ӘКК" АҚ басқарма төрағасы Рашид Аюпов, мемлекеттік мекемелердің, қаржы институттарының, инвестициялық компаниялардың өкілдері және қала кәсіпкерлері қатысты.

Дүниежүзілік банк Украинаға $200 миллион несие беретін болды

Украина жыл сайын агроөнімнің  42%-ын (жалпы құны 18 млрд доллар) экспортқа шығарып отыр.

Шымкент: Сыртқы жарнама орналастырудың жаңа ережесі бар

Жуырда Шымкент қаласында сыртқы жарнама орналастыру бойынша жаңа ереже күшіне енбек. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шымкент филиалында сыртқы жарнама саласы бойынша кәсіпкерлермен кездесті.

Қазақстан Бразилияның тау-кен өндіру саласына 1,5 миллиард доллар инвестиция құятын болды

«Eurasian Resources Group» тобының еншілес кәсіпорны саналатын «Bahia Mineração» (40%-ы Қазақстан Үкіметіне тиесілі) Баия штатында «Pedra de Ferro» темір-руда өндірістік кешені жобасын жүзеге асырады.

Елордада Жаһандық қаржы медиа хабы құрылады

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың XVI Еуразиялық медиа форум қатысушыларына құттықтау жолдағанын хабарлаған едік.

Доллар бағамы тағы төмендеді

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 1,01 теңгеге арзандады. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға - 377,2 теңге, ал ең жоғарысы 378,6 теңге болды.

Шымкентте «Happy land» отбасылық кешені салынады

Шымкент мегаполис атанғалы, сыртқы инвестиция көлемі арта бастады. Бүгінгі таңда бірқатар шетелдік компаниялардың түрлі жобалар бойынша қаржы құюға әзір екендіктері байқалады. Мәселен, непалдық ірі кәсіпкер, «Chaudhary group» халықаралық холдингінің негізін қалаушы, доктор Бинод Чаудхари Шымкент қаласындағы «Happy land» отбасылық ойын-сауық кешенінің құрылысына инвестиция салуға дайын отыр.

Ғабидолла Әбдірахымов Ұлыбритания компанияларын Шымкентке инвестиция құюға шақырды

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігініӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Джон Гиффордпен кездесті.

Шымкентте 100-ден аса «адалдық дүкені» жұмыс істеп тұр

Қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қала мектептерінің оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Алдын алу жұмыстарына қалалық білім беру мекемелерінің директорларымен жақында өткен жиналыс себеп болды.