Назарбаев Мұхамедиұлының түк бітірмегенін бетіне басты - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Назарбаев Мұхамедиұлының түк бітірмегенін бетіне басты

21.04.2017 15:52
Назарбаев Мұхамедиұлының түк бітірмегенін бетіне басты

Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық жұмыстарын пысықтаған Мемлекет басшысы атқарылып жатқан бірқатар істерге көңілі толмайтынын айтып, жауапты шенеуніктерді сын астына алды.

Әсіресе, Елбасы Астана әкімі Әсет Исекешев пен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының түк бітірмей отырғанын беттеріне басты. Назарбаевтың пікірінше, Астананың туристік орталыққа айналуға толықтай мүмкіндігі бар. Ол үшін елордада қонақ үйлер де, спорттық нысандар да, театрлар да, университеттер мен музейлер де, тіпті, кітапханалар да жеткілікті. Тек, туристерді тарту жұмыстары ғана ақсап тұр.

Елбасы сондай-ақ, медициналық туризмді дамытуға да жағдайдың бар екенін айтты. Астанадағы клиникалар заманауи қондырғылармен жабдықталып, білікті мамандар жұмыс істеуде. Алайда, біздің елге шетелден келіп емделгісі келетін ешкім жоқ.

«Біздің басқа елдерден артықшылығымыз - бағаның арзандығында. Туристерді тарту үшін медициналық нысандардың мүмкіндігін барынша пайдалана білуіміз қажет. Біз бұл туралы бұған дейін де айттық. Әсет Өрентайұлы министрлікте көп тәжірибе жинақтады, ұзақ жыл жұмыс істеді. Мен сенің осы тәжірибені толық пайдаанып, қаланы қашан өз басқаруыңа алатыныңды күткенмін», — деді Президент Астана әкіміне.

«Қаншама мәдени нысандар салынды, оны пайдаланып жатқан ешкім жоқ. Қаңырап бос тұр. Ақша тауып жатқан жоқ. Министр екеуің түк те бітіріп жатқан жоқсыңдар. Батыстың мамандандырылған компанияларына беріңдер. Ұсыныстар бар ғой... Мұнда адамдар келу керек, жарыстар өткізуі керек. Бірақ, онымен айналысып жатқан ешкім жоқ, барлығы мемлекеттің ақшасымен күн көріп жатыр. Тағы мақтанамыз, әлемдегі ең керемет театрларды салдық деп... Солай ма, Арыстанбек Мұхамедиұлы?» — деді Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министріне.

Дегенмен, Мұхамедиұлы Елбасының айтқандарымен келіспейді. Министрдің пікірінше, еліміздегі мәдени нысандар 99 пайызға адамдарға толы. Ал, ЭКСПО кезінде қойылатын театрлық қойылымдарға билеттердің бәрі сатылып кеткен көрінеді.

Пікір  

+ 0 фария 21.04.2017 21:19
Министр Арстанбекти орнынан босатсагой ел басы куанар едик шындыгын ел басы айтты .не деген адам .кеше когилдир экран алдында маскара болып жауап бере алмаганын кордик уят екен дардай министр какалып шашалып есеп бере алмай баланын созин айтып сандрактады. маскара.
Жауап беру
+ -1 Марал 21.04.2017 22:47
Ұят болған екен, енді осы сөздер шамдарына тиіп, өз өздерін қамшылап тезірек оң нәтиже көрсетсін.
Жауап беру
+ 0 лаура 21.04.2017 22:48
Сол қаңырап тұрған нысандарды жастардың қолына берсе ғой, екі қолдарына бір күрек таппай отырған дарынды.
Жауап беру
+ 0 Райхан . 21.04.2017 22:49
Басшыларға осы Президенттің ескертулері мен батырып айтатын сөздері жетіспей тұрса керек, енді қимылдайтын шығар.
Жауап беру
+ 0 Əбді Ғалым Оспан 22.04.2017 21:01
Алсаңда аласың. Алмасаңда аласың. Бұл не? Экспоның билеті :) Күштеп өткізген билеттерімен мақтана ма? Сорлылар
Жауап беру
+ 0 Жәнібек 23.04.2017 01:50
Елбасы екеуінде ұру керек еді. Халықты да президентті де алдап журген чиновниктердін керегі жоқ.Әркім өз қызметін біліп халыққа адал болу керек.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші