Қарағандыда көлікті мас күйде айдаған экс-мәжілісменнің ұлын жазалаудың орнына аудан әкімі етіп тағайындады - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Қарағандыда көлікті мас күйде айдаған экс-мәжілісменнің ұлын жазалаудың орнына аудан әкімі етіп тағайындады

19.05.2017 08:12
Қарағандыда көлікті мас күйде айдаған экс-мәжілісменнің ұлын жазалаудың орнына аудан әкімі етіп тағайындады ratel.kz

Қоғамда болып жатқан талай былықты көріп жүрміз. Бірақ, дәл мынадайды көреміз деп кім ойлаған? Қарағандыда спирттік ішімдікке тойып алып көлік айдаған экс-депутаттың ұлын қызметтен қуудың орнына оны аудан әкімі етіп тағайындады. Бұл туралы КТК телеарнасы мәлімдеп отыр.

Полицейлер көлік тізгініндегі 35 жастағы Октябр ауданы әкімінің орынбасары ішімдік ішкен деп күдіктеніпті. Бірақ Әлімжан Қанаев медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан. Осы үшін бұрынғы аудан әкімі орынбасарын 11-ші сәуірде сот 2 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырды. Әйтсе де, осы әрекеті үшін тәртіптік кеңестен сөгіс алған Қанаев жарты күн өтпестен Октябрь ауданының әкімі боп шыға келді. Сөгіс бергендердің өзі бәрі бұлай тез болады деп ойламаса керек.

Ал тасы өрге домалағыш жас әкімнің Мәжілістің экс-дептутаты Серікжан Қанаевтың ұлы екенін айта кетейік. Қазір үлкен Қанаев осындай қылық көрсеткен шенеуніктерді жазалайтын мемлекеттік қызмет агенттігі қоғамдық кеңесіне төрағалық етіп отыр. Демек, Әлімжан Қанаев тіпті есірткі пайдаланып ұсталып, артынша бұдан да жоғары қызметтерге тағайындалып жатса оған таң қалудың да қажеті жоқ шығар... 

Пікір  

+ 0 Берік 19.05.2017 12:25
Осы күні бай мен шенеуліктердің үкімет тарапынан берілетін жазасы осылай ғой. ..
Жауап беру
+ +1 Аноним 19.05.2017 22:49
енді мүлдем қорықпай арақ ішіп рөлге отырады.бұларды тек бір құдай ғана жазалайды
Жауап беру
+ 0 Айгуль 20.05.2017 16:31
иа байларга депудаттын балаларына акшалыларга кудайдын гана шамасы жетеди
Жауап беру
+ 0 Жубеке 21.05.2017 23:40
Акесин де, озин де мемлекеттик квзметтен аластау керек гой, жазыксыз адамдардын ажалына калмай турганда!
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші