Алматыда тоңазытқыш ішінен екі сәбидің денесі табылды

12.09.2017, 11:30

Алматыда тоңазытқыш ішінен екі сәбидің денесі табылды

Алматыда тоңазытқыш ішінен екі сәбидің денесі табылды Patrul.kz

Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі баланың денесі табылды деп жазады Tengrinews.kz. Тілшілерге бұл туралы сол үйге көрші тұратын тұрғындар айтып берген.

Олардың сөзінше, сәбилердің өлі денесі тоғазытқыш ішінен табылған. Белгілі болғандай, оқиғадан аз уақыт бұрын бұл пәтерді үш баласы бар әйел жлға алып тұрған екен. Балаларының үлкені шамамен 4 жаста, ортаншысы 1,5-да, ал ең кішісі әлі жасына толмаған.

Күні кеше көршілері пәтерден шыққан жағымсыз иісті сезіп, дереу полиция шақырыпты. Есікті бұзып кірген тәртіп сақшылары кішкентай екі баланың мәйітін тапқан. Ал, әйел мен үлкен ұлдың қайда екені белгісіз.

Қалалық ішкі істер департаменті бұл жайтты растап отыр. Оқиға Түркісіб ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. Қазір полицейлер сәбилердің анасын іздестіріп жатыр. "Кісі өлтіру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші