Ақтөбеде полицейлер б/у телефон сататындарды жаппай ұстап жатыр

21.10.2017, 17:38

Ақтөбеде полицейлер б/у телефон сататындарды жаппай ұстап жатыр

Ақтөбедегі «Астана» сауда үйі мен базарда телефон сатып, сатып алып жүрген адамдар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбедегі базар маңына бір сәтте жергілікті полиция қызметі мен арнайы жасақ жетті. Базар сырты мен ішінде телефон сатып, сатып алып, жөндеу жүргізетіндердің бәрін көлікке мінгізді. Ақтөбе қалалық әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетілген ақпаратқа сүйенсек, Жергілікті полиция қызметі ұрланған электронды техникаларды, соның ішінде телефон, планшеттерді анықтау мақсатында ұстау шарасы өткен.  «Жергілікті құқық қорғау органдары тарапынан ұрланған электрондық теxниканы(ұялы телефондар және т.б.) сатып алуы мүмкін деген күдікті азаматтарды тексеру іс-шаралары жүзеге асырылды. Барлық іс-шаралар заң шеңберінде өтті»,- деп хабарлады жергілікті әкімдік.

Еске салайық, осыдан бірер ай бұрын Шымкентте де полицейлер ескі телефондарды сатумен айналысатын бір топ ер азаматты ұстаған болатын. Кейінірек анықталғаны, ұсталғандар сататын ұялы телефондарына теріс діни ағымдардың уағыздарын жүктеп, арзан бағада саудалап отырған екен. Оларға діни экстремизммен айналысты және ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыптар тағылды. 

Ал, Ақтөбеде күдікке ілінген сатушыларға әзірге қандай айып тағылғаны белгісіз. Белгілісі, осы сауда орталығында ескі ұялы телефон сатушылар арасында "діндарар" көп. 

Пікір  

+ 0 Халык 23.10.2017 08:09
Алматыдада урыларды устау керек, 38 маршрутта 4 остановка арасында 2 телефон урланды, оны полицайлар таба алмайды, неге, казыр дереу табуга болады гой, тапкысы келмейди деп ойлаймыз ериксиз, максаттары бир, алде тек акша берген адамга гана тауып береди
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші