Орташа жалақы алатын Қазақстан азаматы 1 бөлмелі пәтер алу үшін 14 жыл ақша жинауы керек - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Орташа жалақы алатын Қазақстан азаматы 1 бөлмелі пәтер алу үшін 14 жыл ақша жинауы керек

18.05.2017 11:04
Орташа жалақы алатын Қазақстан азаматы 1 бөлмелі пәтер алу үшін 14 жыл ақша жинауы керек

Биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында еліміздегі жаңа пәтерлердің бағасы шаршы метріне орта есеппен алғанда 1,1 пайызға - 250,1 мың теңгеге дейін өскен. Мұндай көрсеткіш 7 қалада байқалады, ал тағы үш өңірде пәтер бағасы шаршы метріне керісінше, төмендеген деп жазады Ranking.kz сарапшылары.

Сарашылардың айтуынша, Петропавлда пәтер бағасы шаршы метріне қатты қымбаттаған. Онда жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі 16,6 пайызға - 185,0 мың теңгеге қымбаттап кеткен. Петропавлдан кейін Алматы қаласы тұр. Мұнда 2017 жылдың сәуір айында жаңа пәтердің шаршы метрінің бағасы 341,5 мың теңге болған. Ал 3-орында Семей қаласы тұр. Семейліктер қазіргі уақытта жаңа пәтердің шаршы метріне 154, 5 мың төлеуі керек.

Жаңа пәтерлердің бағасының өсуі, әрине, қазақстандықтардың өз жылжымайтын мүлігін сатып алуға қаражат жинауға деген мүмкіндіктеріне шектеу қояды.

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген қазақстандыққа бір бөлмелі пәтер сатып алу үшін (32 шаршы метр) 14 жылдан аса уақыт керек. Яғни, ол адам 14 жыл бойы жалақысының 30 пайызын пәтер алуға жинайды.

Сондай-ақ, мамандар елімізде ипотекалық несие беру нарығында 17 екінші деңгейлі банк (АТФ, RBK, Сбербанк және Цеснабанк) жұмыс істеп жатқанын айтып өтті.  Жалпы, ипотекалық қарыздың максималдық мерзімі 240 ай екен.

Дереккөз: Tengrinews.kz

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші