Ерлан Сағадиев гранттан қағылған талапкерлердің мәселесін шешіп беруге уәде берді - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Ерлан Сағадиев гранттан қағылған талапкерлердің мәселесін шешіп беруге уәде берді

12.08.2017 20:55
Ерлан Сағадиев гранттан қағылған талапкерлердің мәселесін шешіп беруге уәде берді Kursiv.kz

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мемлекеттік гранттарды бөлу нәтижесіне көңілі толмаған талапкерлермен және олардың ата-аналарымен кездесті деп мәлімдеді Хабар-24. Наразы топ министрлік ғимаратының алдында акция ұйымдастырған болатын.

Министр жастардың талаптарын тыңдап болған соң әрбірінің шағымын жеке қарап шығуға уәде берді.

- Біз барлық арыз-шағымды жеке-жеке қарап, «Алтын белгі» иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз. Олардың барлығы жоғарғы оқу орындарындағы резервпен қаржыландырылады. Бірақ шағымданушылардың барлығын бірдей грантпен қамтимыз деп айта алмаймыз. Дегенмен, барынша жоғарғы оқу орындарының ректорларымен келісім жасауға тырысамыз, - деді Сағадиев.

Айта кетейік, 11 тамыздан бері мемлекеттік гранттарды бөлу нәтижесіне көңілі толмаған талапкерлер мен ата-аналар БҒМ ғимаратының алдын торуылдаумен болды. Олар ЖОО гранттарының әділ бөлінбегенін айтуда. Тіпті, шектік балл жинай алмаған талапкерлердің өздері грант иемденіп кетті дейді олар. Сондай-ақ, осыдан бірер ай бұрын Сағадиевтің өзі биылдан бастап «Алтын белгі» иегерлеріне ешқандай артықшылықтардың берілмейтін айтқан болатын. Алайда, министрдің бұл сөзі де жалған боп шықты дейді наразы топ. Салдарынан 120 балл және одан жоғары жинаған білімді түлектер гранттан қағылған.

Ал, БҒМ өкілдері болса «Алтын белгі» иегерлеріне биылдан емес, келесі жылдан бастап ешқандай басымдықтың берілмейтінін айтып отыр. Алайда, бұл сөзге қаншалықты сенуге болатынын уақыт көрсетеді.

Пікір  

+ 0 Баян 15.08.2017 10:48
Ғылым жəне білім министірі Н.Сағадиев сізден өтініш білім грантын əділ түрде өткізіңізші.Қаншама бала жоғары балл жинасада оқуға түсе алмай зар еңіреп отыр.Ата-анасының жоғары оқу орнына оқыта алмайтын жағдайы төмен отбасылар көп.Білімді жастар ары қарай білімін жалғастырудың орнына қара жұмыс жасап кетеді емеспе?Алып ұшып арман қуып жүргендер еш кетпейме Жоғары саладағы маман иелері сіздерден өтініш Жоғары оқу орнына түсуді армандаған жалынды жастарға қолдау көрсетіңіздерші.Тілек білдіруші Баян
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші