Қанат Бозымбаевтың өтірігін өз орынбасары ашып қойды

20.10.2017, 09:15

Қанат Бозымбаевтың өтірігін өз орынбасары ашып қойды

Қанат Бозымбаевтың өтірігін өз орынбасары ашып қойды Ratel.kz

Бозымбаевтың бензин бағасына қатысты болжамы жалған болып шықты. Сол Энергетика министрінің орынбасары жанармай құны жақында 165 теңге дейін қымбаттайды деп, басшысының сөзін жоққа шығарды. Әйтпесе, алдағы уақытта бензин бағасы 161 теңгеден аспайды деп Қанат Бозымбаевтың сендіргені күні кеше ғана болатын. Министрге қарағанда вице-министр сөзінің жаны бар. Өйткені, қазірдің өзінде елімізде  жанармай құю бекететрінде АИ-92 маркалы бензин 158-160 теңгеден сатылуда деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Жанармай тапшылығы біраздан бері Энергетика министрігіндегілердің бас ауруына айналған. Сондықтан қазір түрлі баға айтып, шенеуніктердің өзі шатасып жатыр. Энергетика вице-министрі Бозымбаевтың екі күн бұрынғы болжамын жоққа шығарып, жанармай құнының мұнымен шектелмейтінін ашық айтты. Бақытжан Жақсәлиевтің сөзінен ұққанымыз - қымбатшылықтың көкесі алда. Бензин бағасы қазіргіден әлі 6-7 теңгеге өседі. Басқа жол жоқ. Ресейдің бензинін біздің жанармай құю бекеттеріне жеткізгенше осы баға шығады екен.

Бақытжан Жақсәлиев, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Қазір бензин белгілі бір деңгейде қамбаттап жатыр. Біздің ойымызша, АИ-92 маркалы бензиннің литрі 165 теңгеге дейін жетеді. Жанармай тасымалына қатысты қиындықтар шешілген соң, бензин қоры артып, баға төмендеуі мүмкін.

Қазір нарықта жанармай бар. Үкімет Ресейден қажетті бензинді сатып алған. Бірақ бағасы қымбат. Бұған дейін Энергетика министрі қазанның соңында жанармайдың орташа құны 160-161 теңге болады деп еді. Қазірдің өзінде Астанада АИ-92 маркалы бензин 157-158 теңгеден сатылуда.

Басқа өңірлерде де бензин құны 156 мен 159 теңге аралығында. Өзгені айтпағанда, жанармай бағасына қатысты мұнайлы өңірдің жүргізушілері де мұңдарын шағып жүр. Қара алтын үстінде отырса да батыстағы баға да күнде шарықтап барады.

Пікір  

+ +3 бармолей 21.10.2017 08:33
бозымбаевтың "мынасы" халыққдеген немқұрайлылығын байқатады өз ведомствосындағы жағдайдан бейхабар шенеунік "ай қарап, жұлдыз санап "жүрме абай бегей сияқты... негізі өзінің айтқаныны сенімі жоқ адамдар Үкіметте не бітіріп жүр түсініксіз!!!
Жауап беру
+ 0 аида 24.10.2017 07:54
Үкіметте гілер не істейтін ін айтайын, қымбат көлік үкіметтікін мініп алады еще шофер жалдайды,айлық алады, жұмыс істемейді, бір хатты қабылдамайды, ит қылады, бір біріне сілтеп,жылы жерде отырады, түкте бітірмейді ашығын айтқанда
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші