Ақтөбелік имам қыздарының орамалын ақыры шешті

21.11.2017, 17:09

Ақтөбелік имам қыздарының орамалын ақыры шешті

Ақтөбедегі Жаңақоныс ауданындағы «Бақытжан» мешітінің бас имамы қыздарының орамалын кеше ғана шешті. Имам осыған дейін Астанаға  ашық хат жазғанын алға тартып, мектепке қыздарын орамалмен жіберген. Имам шу шыққаннан кейін ғана қыздарының орамалын шешуге келіскен деп жазады aktobenews.kz порталы.

«Бізде оқу жылының басында 8 оқушы орамал тағып келіп  жүрді. Тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Екінші тоқсаннан бастап барлық бала орамалын шешті. Ауылдағы мешітте бас имам болып жасайтын Білімжан деген имамның екі қызы біздің мектепке келеді. 3 сыныпта оқитын қызының орамалын бірден шешті. Тек 6 сыныпта оқитын қызын балиғат жасқа толды деп осы күнге дейін шешпей келген болатын. Ол кісі Астанаға ашық хат жазғанын айтты. Бірақ, кеше мектепке қызын орамалсыз əкелді», — дейді Жаңақоныс орта мектебі директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Гауһар  Жақсылыққызы.

Мұғалімдер орамалдарын шешкен оқушылардың бірден үйреніп кеткенін айтты.

«Біз орамалын шешкен оқушылар өздерін ыңғайсыз сезінбеу үшін күнде сөйлесеміз. Керісінше, балалардың көңілдері көтеріңкі. Олар бұрын құрбыларымен сүйіп амандаспайтын еді. Қазір бір-бірлерінің бетін сүйіп амандасады», — дейді Гауһар Жақсылыққызы.

Пікір   

Назарбай 21.11.2017 22:09
Недеген жетістік! Керемет! Біздің мектептер білім жолында, бұзықтық жолында, коррупция жолында жетістікке жетіп қойды басқа істейтін шаруасы жоқ, не істерін білмей қыздардың орамалын тартып алып жатыр. Қашан бастары жұмыс жасайды екен қазағымның? Сол күнге жетеміз бе?
Qonaq 22.11.2017 11:48
Ujas!
даулетхан 23.11.2017 16:33
тіл мене оқу процессіндеде осындай жетістікке алыс болып тұр
Даулет 30.11.2017 00:04
Енді мини юбка кигізіп,кеудесін аштырып келсін мектепке деген бұйрық шығаратын шығар парламент. Алланың парызын орындап жүрген қыздарымыздың орамалын шештіргенін үлкен бір іс бітіргендей халыққа жариялап жатыр. Аллаға қарсы шығып жатырсыңдар,арты қиын болады.Естеріңді жиыңдар
Мир 30.11.2017 01:57
қазір бетінен сүйеді сосын оңаша қалада, астағфируллаһ нендей мақтанышпен айтыпотыр өздерінін надандықтарын
Абай 30.11.2017 02:14
Осыны да макала деп жазып отырган журналисттен не кутемиз. Ал орамалын шешкиздик деп. Мактан тутканыма? Катырдык деп ойлап отырган шыгармыз. Озимиз катып жатырмыз. Жараткан иемизди танымай барамыз. Данк атак кумарлык , жашымпаздык, мактаншактык . Осы макалын авторын тез арада танып койдык. Баска проблем жок сиякты . Юбкалары кыска кыздарды кормейсиндер!!! Кайтейин .
Абай 30.11.2017 02:18
Жеткен жеримиз осы болса , Рухани курыдык.
Ормалга карсы боп жургендердин уйинде бир адам кайтса
Имам кайда деп айнала издейди. Жаназасын оздери шыгарып алсын. Орамал парыз.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші