Тарихшы: «Головкин 37 жекпе-жегінің бәрін жеңсе, кезінде Қабанбай 103 шайқастың бірде-бірінде жеңілмеген» - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Тарихшы: «Головкин 37 жекпе-жегінің бәрін жеңсе, кезінде Қабанбай 103 шайқастың бірде-бірінде жеңілмеген»

18.05.2017 17:45
Тарихшы: «Головкин 37 жекпе-жегінің бәрін жеңсе, кезінде Қабанбай 103 шайқастың бірде-бірінде жеңілмеген»

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Гуманитарлық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Амангелді Төлемісов Қабанбай батырдың 103 шайқасқа қатысып, оның бәрінде жеңіспен оралғанын мақтанышпен айтты. Бүгін Талдықорғанда батырдың 325 жылдық мерейтойына орай «Дарабоз батыр – Қабанбай» атты ғылыми конференция өтіп, ғалымдар батырға қатысты тың деректерін ортаға салды.

Ғылыми шара басталмастан бұрын оның қатысушылары Қаракерей Қабанбай батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Ал, конференцияның өзі І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өтті. Келушілердің арасында Қаракерей Қабанбайдың ұрпақтары да бар.

Конференцияда батырдың өнегелі өмірі рухты шақастары туралы аңызға бергісіз әңгімелер айтылды. Алыс-жақын қалалардан келген  Кәкен Қамзин, Ахмет Тоқтыбаев, Нұрдәулет Ақыш, Камал Әбдірахман сынды ғалымдар баяндама оқыды. Тарихшы Амангелді Төлемісов Қабанбайдың ешбір шайқаста жеңіліп көрмегенін жұртқа мақтанышпен жеткізді.

«Біз бүгінгінің батыры Геннадий Головкинді 37 жекпе-жекте жеңіске жетті дейміз. Қабанбай бабамыз 103 шайқастың бір де бірінде жеңіліп көрмепті» - деді тарихшы-ғалым.

Сондай-ақ жиында Қабанбай батыр туралы фильм түсіру, ол туралы тың деректерді әлі де іздестіріп зерттеу туралы ұсыныстар айтылды. Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар бұл ұсыныстардың қаралып, жүзеге асырылуын қадағалайтынын жеткізді.

Д.Жұмақұлова

Пікір  

+ 0 Батыр ұрпағы 18.05.2017 19:25
Кешіріңіз Дарабоздың 365 емес 325 жылдығын тойлап жатырмыз.
Жауап беру
+ 0 Раджан найман 19.05.2017 11:14
Қаракерей Қабанбай атамыз ел ушін, жер ушін шайқасқан.
Жауап беру
+ +1 Серім 21.05.2017 08:25
Салыстырмайтынды салыстыратыны несі. Қабанбай 21 ғасырда жасап жатқан кәсіпқой боксшы емес қой.
Жауап беру
+ 0 Али 22.05.2017 20:21
Қабанбай атамыз реальный өмір мен өлімге жекпе жекке шыққан! ал мынау ондай жекпе жектің 1 не шықпай қашар ма еді
Жауап беру
+ 0 Жігер Нұрдәулет 23.05.2017 13:27
Қаракерей Қабанбай бабамыз жеңілмек тұрмақ тең түсіп көрмеген, алтынды мыспен салыстырмайа қояиықшы
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші