Тараздағы қанды қырғынды Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы жасаған

11.08.2017, 16:49

Тараздағы қанды қырғынды Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы жасаған

Жамбыл облысының прокуратурасы Таразда полицейлердің қатысуымен орын алған қанды қырғынға қатысты мәлімдеме жасады.

"2017 жылдың 10 тамызында сағат таңғы 05:30 шамасында №1 қалалық ауруханаға пышақ жарақатымен Байзақ ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Марсель Жетпісбаев келіп түсті. Оның кеуде тұсына пышақ кірген. Алдын ала анықталған мәлеметтер бойынша, оны Жамбыл облыстық ІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы М.Үмбетәлиев "Арай-Плаза" мейрамханасының алдында пышақтаған", - деді облыстық прокуратура өкілдері.

Олардың айтуынша, облыстық ІІД-ге қарайтын Криминалды полиция басқармасының басшысы Е.Бектұрғанов та жамбасы мен сол иығынан пышақ жарақатын алған. Бірақ, ол ауруханаға жатудан бас тартыпты.

Төбелес бастан-аяқ мейрамханадағы бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармағымен (адам өлтіруге оқталу) іс қозғалып, М.Үмбетәлиевке іздеу жарияланды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші