Депутат Владимир Божко ауыл жастарының қалаға келуіне шектеу қою керектігін айтты - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

18.09.2017, 11:33

Депутат Владимир Божко ауыл жастарының қалаға келуіне шектеу қою керектігін айтты

Депутат Владимир Божко ауыл жастарының қалаға келуіне шектеу қою керектігін айтты Sputnik Казахстан

Мәжіліс депутаты Владимир Божко Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінде болған қазақтар мен үнділер арасындағы төбелесті ауылдан келген жастардың өршітіп жібергенін айтып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы жазды.

"Виртуалды кеңістікте зұлымдықтың, экстремизм мен радикализмнің, өтіріктің тілі басымдық алып отыр. Мәселен, "Абу-Даби Плаза" кешенінде болған жағдай бізді ойландырып қойды. Әрине, бұл жағдай ІІМ, ҰҚК өкілдері мен Астана әкімдігінің дер кезінде әрекет етіп, уақытылы ақпарат таратып отыруының арқасында ауыздықталды. Бірақ, осымен қатар әлеуметтік желілерде ойдан құралған жалған ақпарат тартып, жағдайды ушықтырғысы келетіндер саны көп болды. Бұл ақпараттарға ауылдан қалаға жұмыс істеуге келген жастар бірінші болып үн қатты", - деді Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко бүгінгі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, дәл осындай оқиға осыдан бірнеше жыл бұрын Астанадағы "Артем" базарында да орын алған болатын. Ол кезде бір әйелдің жалған ақпаратының соңы жаппай төбелеске ұласқан болатын.

"Бұл жағдайлар бізге алдын алу керектігін көрсетіп отыр. Ең алдымен ауылдан қалаға келіп жатқан жастардың санына шектеу қою керек. Жастардың қалаға келуіне себеп болып отырған ауылдағы жұмыссыздықты жою керек ең алдымен. Ауыл жастары лайықты өмір сүруі үшін олар жұмыспен, баспанамен, заманауи әлеуметтік-мәдени инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі керек", - дейді В.Божко.

Еске салайық, 2 қыркүйек күні Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінде үнділер мен қазақ жұмысшыларының арасында төбелес болып, екі адам жараланған болатын.

Пікір  

+ +5 Ауылгул 18.09.2017 19:36
Бурынгы орыстын саясатын ансап отыргой бул . Есин жинату керек.
Жауап беру
+ +3 Алты Алаш 19.09.2017 05:56
Божко қазақтың урбанизациясын тоқтатқысы келіп отыр ма сонда. Қиыннан қиыстырып "терең" ойластырылған саясат қой бұл. Қазақ жастарының жүріп тұруына шектеу қою деген сөз америка үндістерін резервуацияға қойғаны сонымен американың аборигендерінің жойылуына алып келген геноцид деуге болатын шығар
Жауап беру
+ +4 ондасын 19.09.2017 10:52
владимир мырза ол пикириниз оте кате пикир, ойланып суйлениз...
Жауап беру
+ +1 ғайни 19.09.2017 15:25
келісем ауыл жастарының əл ауқатын көтеру керек. Бірақ бұл божко мырза тыныш ұйықтау үшін емес.
Жауап беру
+ +4 Петр Орыс 20.09.2017 10:05
Боржко, сен саяси сауатсызсың, бірақ орекеңнің аса қауіпті қулығын қаныңызға әбден сіңіріп алыпсыз. Шіркін-ай, өте жақсы лауазымға да ие болып, ауыл жастарының тағдырын шешпек болған жымысқы ойыңыздың астарында не жатыр? Ашық айту қорқынышты ма, әлде тыныш көмірге қозғау салып отырсыз ба?
Жауап беру
+ +3 Дос 20.09.2017 12:41
Бажко ауыл жастарында шаруан болмасын!
Жауап беру
+ +2 Асылбек 20.09.2017 23:10
"келимсек", "жат-улттыктан" шыккан созин карандаршы
Жауап беру
+ 0 ару 24.09.2017 13:08
елди осындай топас басшылар куртады гой
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші