Қарағандыда ұсталған «ҚазАвтоЖол» басшысы ұсталар алдында бірнеше адамнан ірі қарыз алған

25.09.2017, 09:20

Қарағандыда ұсталған «ҚазАвтоЖол» басшысы ұсталар алдында бірнеше адамнан ірі қарыз алған

Қарағандыда 17 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен қамауға алынған «Қазавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысындағы филиалы басшысының орынбасары Ержан Отаровқа қатысты түскен алты шағым сот тарапынан қанағаттандырылды деп жазады "ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро департаментінің қызметкерлері Ержан Отаровтың ісімен айналыспай тұрып, оған қатысты алты адамнан сотқа шағым түсті. Олардың төртеуі жеке тұлғалар және екі заңды тұлға - оған қарыз берген «Қазақтелеком» компаниясы және жеке фирма.

«Қазақтелеком» стационарлық үй телефоны қызметінің 13 мың 484 теңге көлеміндегі ақысын төлеуді талап етті. Жоғары қызметті лауазымды тұлға белгісіз себептермен қызмет ақысын төлемеген. Сонымен қатар, Отаровқа тиісті қарыз келісімшарттарын рәсімдей отырып, 1 миллион 400 мың теңге берген жеке фирма тарапынан шағым келіп түсті. Күдікті бұл қарызды да өтемеген. Қалған төрт талап қоюшылар да оның қолхат беріп алып, қайтармаған қарыздарын өтеуін талап етті.  Қарыздардың жалпы сомасы 31 миллион теңгені құрады. Отаров сот шақыру қағаздары мен смс-хабарламаларын алғанымен, бірде-бір сот отырысына келмеген. 

Қарағанды тұрғыны Отаровтан 23 миллион 299 мың теңге талап етті.

«Отаров және екінші жауапкерден 23 миллион 299 мың теңге қарызын өндіру жөнінде шешім шығарылды», - деп хабарлады Қарағандының №2 Қазыбек би аудандық соты.

Талап етушілер тізімінде Қарағандының белігілі алвокаты да бар. Ол Отаровқа қарызға 4 миллион теңге берген. Тараптар қарыз келісімшартын жасасқан. Отаров 4 миллион теңгені 1 шілдеге дейін қайтаруға уәде еткен, алайда, келісімшарт жүзіндегі міндеттерін орындамаған.

Үш миллион теңге қарызды сот шешімі бойынша Отаров Қарағанды қаласының тағы бір тұрғынына қайтаруға міндетті. Бұдан өзге 1 миллион 95 мың теңге тағы бір қарағандылық азаматқа қайтарылуы тиіс.

Айта кетейік, «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Қарағанды облысындағы филиалы басшысының орынбасары Ержан Отаров алматылық жол жөндеу фирмасының директорынан пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Лауазымды тұлға жол жөндеу фирмасының директоры кабинетінен шығып кеткеннен соң 15 минуттан кейін ұсталды. Шенеунікті арнайы жасақтың көмегімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің қызметкерлері ұстады. Ержан Отаров тергеу бөлімі басшысына кінәсін толықтай мойындады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші