Шымкенттік бойжеткенді өзінің сыныптасы Түркияға жезөкшелікке өткізіп жіберген - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

25.09.2017, 23:19

Шымкенттік бойжеткенді өзінің сыныптасы Түркияға жезөкшелікке өткізіп жіберген

Түркияда құлдыққа салынған тағы бір қазақстандық бойжеткен құтқарылды. Бұл туралы шымкенттік заңгер Айгүл Орынбек мәлімдеді. Жас қызды өзінің сыныптасы алдап Стамбұлға шақырып, сол жерде жезөкшелікке өткізіп жіберген көрінеді.

Жәбірленген қыз үйдегі төрт қыздың үлкені болған. Жалғызбасты ананың тапқан табысы тамақтан әзер артылғандықтан мектепті кеше бітірген бойжеткен өзі жұмыс істеп көрмек болыпты. Дәл осы сәтті Түркиядағы сыныптас құрбысы ұтымды пайдаланып, тігін фабрикасына жұмысшы қажет деп алдап, оны Стамбұлға келуге көндірген.

«Алғашында қыздың өзі кетуге жүрексініпті. Алайда, алған бетінен қайтпаған сыныптасы анасымен сөйлесіп, жол ақысын өзі көтеретінін айтып, ақыры анасын да көндірген. Ал, Стамбұлға барғаннан кейін қорқыту арқылы құжаттарын алып қойып, жезөкшелікке салған», - дейді Айгүл Орынбек.

Қызының құлдыққа түскенін естіген ана жанын қоярға жай таппай заңгердің көмегіне жүгініпті. А.Орынбек болса дереу Стамбұлдағы Қазақстанның бас консулдығына хабарласып, оларға мән-жайды хабарлаған.

«Тәукеxан Пошанов, Думан Қызыр, Абылай Амандықов сынды консулдық қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде және Түркия полициясының көмегімен жоғалған қызымыз сол күннің ертесіне табылды. Араға бір күн салып оның құжаттары өзіне қайтарылды. Қазір жәбірленген бойжеткен үйіне қайтарылды. Шымкент полицейлеріне сыныптасының үстінен арыз түсірдік. Қазір ішкі істер органдары қылмыстық іс қозғау мәселесін қарастырып жатыр», - деп мәлмдеді заңгер Айгүл Орынбек.

Оның сөзінше, қазақстандық күдікті қызды Түркияның полициясы ұстап, мән-жайды анықтамай Қазақстанға беруден бас тартыпты. Қазір тексеруді олар өздері жүргізіп жатқан көрінеді.

Пікір  

+ 0 Шуақ 27.09.2017 02:07
Заңгер молодец. Сонда жоғалғанын қалай білген анасы???? Əдетте табу қиын гой...
Жауап беру
+ 0 надия 10.10.2017 19:19
осы кезде сыныптасың түгілі жақыныңа сенуге болмайды Қыздарымау байқап жүріңіздер дос таңдауда қателесеңіздер
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші