Әлеуметтік желі қолданушыларын Мұхтар Әблязовтың "тікелей эфирі" шаршатты

17.10.2017, 02:58

Әлеуметтік желі қолданушыларын Мұхтар Әблязовтың "тікелей эфирі" шаршатты

Әлеуметтік желі қолданушыларын Мұхтар Әблязовтың "тікелей эфирі" шаршатты Sputnik Казахстан

Рас, алғашында қазақстандықтар Франция түрмесінен босап шыққан экс-банкир Мұхтар Әблязовтың әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде жүргізетін мәлімдемелерін асыға күтіп, жіберіп алмауға тырысатын. Бірақ, соңғы уақытта осынау "трансляциялар" жұртты мезі қыла бастады.

Мезі қыла бастады деп бекер айтып отырғанымыз жоқ. Дәл Әблязов тікелей эфирге шығатын уақыттан бастап бірнеше сағат бойы қазақстандықтар әлеуметтік желілерге кіре алмай әбігерге түседі. Дәл сол уақытта не Facebook, не Instagram желілеріне кіру мүмкін емес. Мәселен, күні кеше кешкі 20:00-ден бастап дәл осындай жағдай орын алды.

Жасыратыны жоқ, алғашында желі қолданушылары мұны билік өкілдерінен көрген. Қашуда жүрген оппозиционердің мәлімдемелерін көрсетпеу үшін аталған әлеуметтік сайттарды әдейі бұғаттап жатқан шығар деп өзіміз де ойлайтынбыз. Алайда, олай емес екен. Ақпарат және байланыс министрінің өзі Әблязовтың тікелей эфирі кезінде интернетті ешкім бұғаттамағанын ресми мәлімдеді. Соған қарағанда, экс-банкирді көреміз деп, қазақстандықтар жаппай әлеуметтік желілерге бір уақытта кіретін болуы керек. Желідегі мұндай ауыртпалықты көтере алмағандықтан аталған сайттар да жылдамдығын бірнеше есеге жоғалтып алатын шығар деп топшылап отырмыз. Әйтпесе, билік өкілдерінің Әблязовтан өзге жұмысы жоқ дейсіздер ме?!

Қалай болғанда да, әлеуметтік желінің қазақстандық қолданушылары Әблязовтан да, оның "тікелей эфирлерінен" де әбден шаршады. Желіге әбден "байланып" қалған адам үшін Facebook пен Instagram-ның істемей қалуы расымен де үлкен проблема. Сондықтан, қазір қазақстандықтардың көбі бұрынғыдай Әблязовтың мәлімдемелерін асыға күтпейді, керісінше эфирге шықпай-ақ қойса екен деп тілейтін болған. 

Пікір  

+ -1 Куан 17.10.2017 10:50
РАС. шаршадык
Жауап беру
+ +1 Нурлан 17.10.2017 15:18
Sn.kz сиздердин ойынызша казакстандыктар Аблязовтын тикелей эфиринен шаршайды, бирак, шаршаганына карамастан эфирди коруге кире береди ма???))) Сиздин бир ойыныз екиншисине карсы))) Онын тикелей эфиринин просмотр санын карау керек, сонда барлыгы тусиникти болады. Менин ойымша эфирди бир мезетте 4000-5000 адам карамаган шыгар.
Жауап беру
+ -2 Марат 18.10.2017 02:37
Ол халыктын акшасын урлаган адамды не ушин тындайды адамдар? Гажап ол егер Алтынбек Сарсенбаев азаматымыздай шын конилмен Казак елин суйсе ондай иттик елине жасамас еди. Ол уры!
Жауап беру
+ 0 Науша 18.10.2017 13:29
Осы Аблязов шын мәніңде бәрің да шаршатты. Қандай жағдай болсада, Президентке берген созің өзі аттап өтті. Екі жүзді адам, кім бүны ақтайды... Ал басты мәселе - УРЫ.
Жалған дүние - бүгін уры - батыр болып отырма, тьфу.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші