Елімізде депутаттардың жалақысы тағы көтерілетін болды

17.10.2017, 12:36

Елімізде депутаттардың жалақысы тағы көтерілетін болды

Елімізде депутаттардың жалақысы тағы көтерілетін болды Азаттық

Қазақстанда әскерилер, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен депутаттардың еңбекақысын көтеруге 2017 жылы 33,1 миллиард теңге қарастырылды. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Министр баяндамада республикалық бюджеттің 2017 жылғы шығыны 11 триллион 191,5 миллиард теңге, бұл нақтыланған жоспардан 15,1 миллиардқа көп. 

"Бюджеттің шығындық бөлігінің өзгеруі екі бағытта жүрді. Біріншісі - Елбасының бастамалары мен тапсырмаларын және халықаралық міндеттерді іске асыруға 89,4 миллиард теңге. Бұл үкімет қоры мен кірісті арттыру есебінен жүреді. Әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен депутаттардың еңбекақысын көтеруге 33,1 миллиард теңге қарастырылған", - деді Сұлтанов үкімет отырысында. 

Оның сөзінше, "Назарбаев Университетінің" мақсатты салымын ұлғайту үшін 22,2 миллиард теңге бөлінеді. Сонымен бірге, EXPO аумағында көрмеден кейінгі шаралар мен кеңселерді даярлауға 20 миллиард теңге қарастырылды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші