Қанат Бозымбаев жанармайдың тағы қымбаттайтынын айтты

17.10.2017, 16:11

Қанат Бозымбаев жанармайдың тағы қымбаттайтынын айтты

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев АИ-92 бензині қашан арзандайтынын айтты деп жазады Tengrinews.kz. Қанат Бозымбаевтың сөзінше, бензин мәселесі осы аптаның соңына дейін толықтай шешіледі.

Министр жанармай құю бекеттерінде енді бензинге шектеу болмайтынын айтып өтті. Сондай-ақ, ол ресейлік тараппен қосымша жанармай жеткізу үшін келісімшарт жасасуға байланысты бензин бағасының қымбаттайтынын айтып өтті. Бірақ Бозымбаев ресейлік тараптан бензинге деген тәуелділік азайған жағдайда бағаны қайтадан төмендетуге уәде берді.

"Біз қазан айының соңында және қараша айының басында бензиннің орташа бағасы литріне 160-161 теңге болады деп есептеп отырмыз. Иә, бұл қымбат. Біраз біз онсыз Ресей Федерациясынан бензин жеткізе алмаймыз. (...) Қараша айында нарықта ресейлік бензин азайып, Павлодарда мұнай өндіретін зауыттар ащылып, барлық ұщ заыт жұмыс істейтін болады. Ал қараша айының екінші жартысында баға 161-162 теңгеден төмендеуі мүмкін", - деді энергетика министрі.

Еске сала кетейік, бүігн министр Бозымбаев бензин тапшылығына қатысты есеп берген болатын. "Бензин бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар шара қолданылды. Шымкент және Атырау зауыттарында АИ-92 бензинін өндіру 35 тоннаға дейін арттырылды. Жеңілдетілген мұнай да қосымша жеткізіліп жатыр. Мұның бәрі жоспарланған 135 мың тонна орнына 170 мың тонна АИ-92 өндіруге мүмкіндік береді", - деген еді Қанат Бозымбаев. 

Оның айтуынша, ресейлік жанармай тасымалдаушылармен 100 мың тонна АИ-92 жеткізіп беру туралы келісім жасалды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші