Көкшетаулықтардың жаназа мен жерлеу рәсіміне жайылған дастарханын енді имамдар қадағаламақ

20.11.2017, 11:53

Көкшетаулықтардың жаназа мен жерлеу рәсіміне жайылған дастарханын енді имамдар қадағаламақ

Көкшетауда жаназа мен жерлеу рәсімінде ас та төк дастархан жаюға тыйым салынды. Мұндай шешімді Көкшетау қалалық Ардагерлер кеңесі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкілдігі және «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі шығарып отыр. Үш жақты жасалған келісім нәтижесінде имамдар мен ардагерлер қаза кезіндегі ысырапшылдыққа жол бермейді. Мұндай шешім ҚМДБ-ның «Жаназа және жерлеу рәсімдері туралы» пәтуа кітабына сүйене жасалған.

Шешімнің көшірмесі әлеуметтік желілер арқылы таралуда. 

«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Көкшетау қаласындағы барлық қоғамдық орындары жаназа және діни жоралғыларға орай берілетін ас кезінде етті турап әкелуге, осы шешімге қоса ұсынылатын дастархан мәзірінде көрсетілген тамақ түрлерін ғана ұсынуы тиіс. Етті дастарханға турап әкелу біріншіден үнем болса, екіншіден сойылған жылқының қалған етін келесі дұғаларына сақтап, пайдалануына болады»,  – делінген аталған шешімде.

 Дұға – той емес. Бір шаңырақтың, бір әулеттің қайғысы. Қайғыға бөгіп, қиналып отырған үй иелеріне астау-астау ет асып, мүше тарату оңай емес. Сол үшін де асқа етпен бірге қияр мен қызанақ, ал шәйға бауырсақ, сары май, қант, құрма, кәмпит, печенье қою ұсынылған.

Енді облыстағы барлық мешіттердегі асханаларда алдағы уақытта осы бекіткен талап бойынша ғана дастархан жайылатын болады.

Пікір   

Медет 20.11.2017 13:36
Мынауын қайғы тойы ғо
Қылыш 20.11.2017 19:47
Бұл жақсы бастама екен. Енді осыны жер жерлерде табандылықпен қадағалап, жолға салып отырса, қазалы жердегі ретсіз болатын қаражаттар қысқарса өте орынды болар еді.
Акмарал 20.11.2017 23:15
Оте дурыс,барлык облыстарда осылай болу керек.
Акмарал 20.11.2017 23:18
Биреу кан жутып отырган жерде,кустын сутиннен басканвн бэрин койып,шетсиз ысырапка жол бериледи,эсиресе бизин Атырау каласында.Оте орескелдик гой,коймасан ел энгимесине каласын.
Турсынхан 22.11.2017 08:23
Өте дұрыс бастама шынымен де бір отбасы қайғырып жылап жоқтау айтып отырса енді біреулер сол үйдің дастарханын сынап сөз қылады Бұл той емес қой, әйтуір бақ таластық кімнің дастарханы жақсы кімдікі нашар деген сияқты . Мен осы бастамаға қосылыр едім барлық облыстар мен қала ауылдарда дастархан мәзірі қадағаланса мұндай ысырап болмас еді
Гуля 22.11.2017 10:48
Өте дұрыс шешім!!! Жоғарыда отырғандар осы шешімді Шығыс Қазақстан облысында оның ішінде Өскемен қаласында да қатты қолданса екен. Байқауымызша мешітке асқа келгендер алақандарын жаюға емес, тамақ ішіп ет жеуге келгендей сынап кетеді. Пәленше баласы бар ал столдары жұпыны болды ет аз болды фрукты қоймапты деген сөздерді естіп тан қалмайсың , керісінше ызы болады екенсің. АААУУУУ қазақтар бізге не болған, қайда кетіп барамыз.
Сәкен 22.11.2017 18:33
Егер осындай бастамалар халық жағынан усынылса, онда жағдай оңалар еді.
Ал, ммемлекет жағынан бастамалар сөз бойынша қала береді.
Орынтай 23.11.2017 16:11
Семей ониринде тиым салынган,бирак ешким керек кылып жаткан жок,Менинше айел адамдарга катысуга кажети жок,Топырак салмаймыз отырган жеримиз ду ангиме
Сабыртай 23.11.2017 22:40
Біздің Көкшетау өңірінде Зеренді ауданының кей ауылдары бар.20 шақты ертеден келеді Науан Хазіреттің ауылы Баратай, Қызылсая,Қызылағаш,Биіктесін, Сәкен Сейфулин,Жаңатілек,Қараөзек,Жылымды ,Ақан және т.б .Сол көршілес ауылдарда.Егер бір адам дүниеден өттіме ауыл көтереді.Қайтыс болған үйден ас ішпейді.Қайғылы үй үлкен мал жұмсамайды.Әр жерден жерлеуге келген адамдар көңіл айтқаннан соң ауылда қанша үй бар солар 8-10 адамнан бөліп алып өз үйлерінде ас береді .Жаназасын шығарарда жиналып зиратқа жерлеген соң сол жерден тарап кетеді .Құран жүзінде солай.Жылы келгенде келесі жылы үлкен мал жұмсайды ауыл адамдарын шақырып рахметін айтып көмек қылғаны үшін ас береді және туғандары болады.Міне біздің салтымыз осылай

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші