Заңгер: «Депутаттарды халық сайлап алған жоқ» - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Заңгер: «Депутаттарды халық сайлап алған жоқ»

21.04.2017 12:04
Заңгер: «Депутаттарды халық сайлап алған жоқ» Tengrinews.kz

Күні кеше Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова Астанада өткен жиындардың бірінде отандық БАҚ өкілдері арқылы «депутаттарды жиі сынайсыздар, оларды сайлаған өздеріңіз» деп қоғамға ренішін білдірген болатын. Ал, танымал заңгер Джохар Утебеков болса сенатордың бұлай деуі еш қисынға келмейтінін айтып отыр.

Айта кетейік, кеше Назарбаев Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыратын ұлттық комиссияны құруға жарлық берген болатын. Мұнан кейін қоғамда «депутаттардың да санасын жаңғырту керек» деген ұсыныстар айтылды. Әйтімова болса бұл ұсынысқа көп күттірмей жауап берді.

«Депутаттардың сана-сезімі бар, санасы жоқ депутаттар бізде жоқ. Бізге алға қарай жылжу керек, өз мүдделерімізді батылырақ қорғау керек, жалпы еліміздің мүддесін қорғау керек. Депутаттарды сынға алғанды жақсы көресіздер, ал енді мен сіздерге бір сұрақ қояйын: оларды кім сайлады сонда? Сайлаушылар сайлады ғой. Сіздер сенаторларды мәслихат арқылы сайлайсыздар - міне, сіздерге. Онда лайықты болатын адамдарды сайлаңыздар. Меніңше, халық лайықты депутаттарды сайлады», - деді Бірғаным Әйтімова.

Заңгер Джохар Утебеков болса Бірғаным Әйтімованы да, одан өзге сенаторларды да, тіпті, Мәжіліс депутаттарын да халық сайламағанын айтып отыр. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.

«Конституция бойынша бізде 47 сенатор бар. Олардың 15-ін Президенттің өзі тағайындайды. Әйтімова сол 15-тің бірі. Демек, ол тағайындалған. Қалған сенаторларды да халық сайлаған жоқ. Оларды облыстық мәслихаттағылар құпия жолмен сайлап алды», - дейді заңгер.

Ол сондай-ақ, Мәжіліс депутаттарының да партиялық тізіммен Парламентке өткенін, халықтың бұл процеске де ықпал етпегенін айтты.

«Төменгі палатада тағы да Қазақстан халқы ассамблеясының атынан сайланатын да депутаттар бар. Бірақ, олардың Қазақстан халқына еш қатысы жоқ», - деп жазды Утебеков.

Пікір  

+ +9 Мамытбек 21.04.2017 22:18
Ккеремет, дұрыс айтылған, бәрі рас
Жауап беру
+ +6 уалихан 22.04.2017 07:19
дурыс айтасын бауырым
Жауап беру
+ +4 ЕРЖАН 22.04.2017 12:22
ДУРЫС
Жауап беру
+ 0 Патриот 24.04.2017 20:34
Парламент депутаттары тікелей бір мандаттық округтар арқылы сайланбай олардың беделі де, пәрменділігі де, шығарған заңдарының да сапасы болмайды. Әрине, билік бұған бармайды. Ал, кәзіргі депутаттардың сапасы белгілі. Сондықтан, олар өздерінің санасын жаңғыртудың да керегі жок деп санайды.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші