ҚР ОСК Атамбаевтың мәлімдемесінен кейін Қырғызстандағы сайлауға қатысудан бас тартты

13.10.2017, 15:27

ҚР ОСК Атамбаевтың мәлімдемесінен кейін Қырғызстандағы сайлауға қатысудан бас тартты

ҚР ОСК Атамбаевтың мәлімдемесінен кейін Қырғызстандағы сайлауға қатысудан бас тартты Азаттық

Қырғыз елінің президенті Алмазбек Атамбаевтың жуырда ғана Қазақстан билігі мен Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтқан мәлімдемесінен кейін ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қырғызстандағы сайлауға бақылаушы ретінде қатыспайтынын мәлімдеді.

«Қырғыз Республикасының Президенті А. Атамбаевтың жақындағы айтқысыз мәлімдемесінің нәтижесінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қырғыз Республикасы Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы мен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының арасындағы өзара түсіністік туралы қолданыстағы екі жақты меморандум шеңберінде жеке субъект ретінде 2017 жылғы 15 қазандағы Қырғыз Республикасы Президентінің сайлауына қатысудан бас тартуды шешті, ол туралы қырғыз тарапын хабардар етті», - делінген Орталық сайлау комиссиясының таратқан хабарламасында.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Қырғызстан президенті елде 15 қазан күні өтетін сайлауға Қазақстан билігі ықпалын жүргізіп отыр деп, қазақстандық тарапты айыптаған болатын.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші