Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралуы мүмкін

20.08.2017, 13:26

Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралуы мүмкін

Қазақстандық даңқты ауыратлет Илья Ильин үлкен спортқа оралу-оралмауы биыл күзде шешілетінін мәлімдеді. Бұл тралы ол Vesti.kz порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

Ильин қазір АҚШ-та білім алып жүр. Сондай-ақ, ол спорттан да алыстап кетпепті. Негізігнен төрт түрлі спортпен шұғылданып жүргенін айтып отыр. Бірақ, ауыр атлетика солардың ең негізгісі.

Илья зілтемірді бұрынғыша оңай көтеретінін де мәлімдеді. Денсаулығына шағымы жоқ. Енді жақын күндері оның үлкен спортқа қайта оралу-оралмау мәселесі шешіледі екен.

"Қазан айында бәрі де анық болады деп ойлаймын. Жаттығуымды одан әрі жалғастыра беремін. Мен ауыр атлетиканы жан-тәніммен сүйемін. Спортты сүйемін. Онсыз қайда барамын? Қазан айынан кейін шешіледі, көрерміз. Бәлкім спортменеджментпен айналысамын. Өйткені, спорттың ішкі қыр-сырын өте жақсы білемін", - деді даңқты спортшы.

Қазір Ильин АҚШ-та ағылшын тілін меңгерумен айналысып жүр. Тілді толық меңгерсем деп алдына мақсат қойған. Сабағы аяқталғаннан кейін елге оралып, спорттық тағдырының қалай шешілетінін күтеді.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші