Назарбаев Головкин – Альварес жекпе-жегін міндетті түрде тамашалайтынын айтты

14.09.2017, 16:56

Назарбаев Головкин – Альварес жекпе-жегін міндетті түрде тамашалайтынын айтты

Назарбаев Головкин – Альварес жекпе-жегін міндетті түрде тамашалайтынын айтты Kapital.kz

Нұрсұлтан Назарбаев алдағы жексенбіде өтетін Головкин – Альварес жекпе-жегін көретінін мәлімдеді. Ел президенті Геннадий Головкиннің мексикалық қарсыласын жеңіп, тарихта атын алтын әріптермен жазып қалдыратынына сенімді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ақордада өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.

"Мұндай оқиға қазақстандықтарды жаппай теледидар алдына жинайды. Біздің GGG үшін бұл өте маңызды кездесу. Мексикалық Альварес те өте танымал адам, шебер боксшы. Сондықтан, бұл жекпе-жек көп мүмкіндік береді. Бірақ, Головкиннің жеңетініне сенімдімін. Ол орта салмақтағы кәсіпқой бокстың королі атанады. Ол Мұхаммед Әли, Майк Тайсон секілді атаққа ие болады. Бәріміз Головкинге жеңіс тілейік, мен көрші елге сапарлап кетсем де бұл жекпе-жекті міндетті түрде көремін. Бәріміз жанкүйер болайық", - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек (Астана уақытымен 17 қыркүйек) күні Лас-Вегас қаласында өтетін болады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші