Сочиде самбодан өткен жарыста Қазақстанның әнұранын тағы да шатастырды

20.11.2017, 10:50

Сочиде самбодан өткен жарыста Қазақстанның әнұранын тағы да шатастырды

Сочиде өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатында Қазақстанның ескі әнұранының фонограммасы қосылған деп жазады sputniknews.kz. Трибунада отырған қазақстандықтар әнұранды жанды дауыспен шырқап, мәселені шешіп берді.

Қазақстандық спортшы Есет Қуановты алтын медалмен марапаттау кезінде ұйымдастырушылар осындай қателікке бой алдырыпты. 

Ескі әнұран ойналғанда, Қуанов басын шайқап, қателік кеткенін көрсеткен. Сол кезде трибунада отырған отандастарымыз орындарынан тұрып, әнұранды фонограммасыз айтып берді. Комментатор мен көрермендер қазақстандықтарға разы болып, диктор жіберілген ағаттық үшін кешірім сұрады. 

Оқиғаның видеосын Дидар Нөкеш есімді әлеуметтік желі қолданушысы жариялап, еліміздің әнұранын ылғи шатастырып алатынын атап өтті. 

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші