Ресей 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарынан шеттетілді

06.12.2017, 10:35

Ресей 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарынан шеттетілді

Ресей құрамасы 9-28 ақпанда Пхёнчханда (Оңтүстік Корея) өтетін қысқы олимпиадаға қатыспайтын болды. Тек "қатаң допинг шарттарына" сай кейбір ресейлік спортшылар ғана олимпиада туының астында айтулы жарысқа қатыспақ. Бұл шешімді Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) 5 желтоқсанда Лозаннадағы (Швейцария) арнайы отырыста қабылдады деп жазады centralasian.org.

Ресей спортшылары олимпиаданың ашылу және жабылу салтанатына қатыспайды. Олар жарысқа OAR (Olympic Athlete from Russia) деген атаумен шығады. Олимпиада кезінде Ресей әнұраны мен туын қолдануға да тыйым салынды.

Халықаралық олимпиада комитеті Ресейді 2014 жылы Сочи олимпиадасы кезінде "допинг сынамаларын ауыстырды", "ел үкіметі допинг жүйесін қолдаған" деп айыптайды. Ал Ресей бұл айыптардың "саяси астары бар" деп санайды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші