"Астана" "Славияны" жеңіп, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты

08.12.2017, 02:12

"Астана" "Славияны" жеңіп, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты

"Астана" футбол клубы Қазақстанның футбол тарихында алғаш рет Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Бүгін Прагада (Чехия) өткен топтық кезеңнің соңғы ойынында елордалық футболшылар жергілікті "Славия" командасын 0:1 есебімен жеңіп, А тобында екінші орынға көтерілді.

Бірінші таймда ойын аса тартысты өте қойған жоқ. Қауіпті сәттер де көп болмады. Тек матчтың 38-минутында астаналықтар айып добын орындап, әуеден көтерілген допқа бірінші болып Марин Аничич жетті, есеп 0:1.

Ал, екінші тайм "Славия" командасының шабуылымен басталып, осы команданың шабуылымен ақталды десек те болады. Алайда, чехтардың клубы Эрич күзеткен қақпаның кілтін таба алған жоқ. Ойын осы есеппен аяқталды.

Нәтижесінде Станимир Стойлов шәкірттері Еуропа лигасының 1/16 финалына жолдама алды. Қазақстандық клубтардан мұндай жетістікке әлі ешбірі жетпеген. Енді ақпан айында елордалық команда еурокубок жолындағы жарысты жалғастырады.

"Астананың" плей-офф кезеңіндегі қарсыласы 11 желтоқсанда белгілі болмақ. Ньон қаласында өтетін жеребе тарту рәсімі Астана уақытымен кешкі 18:00-де басталады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші