Өркен Азаматұлының өгей шешесі психдиспансерде емделген

18.05.2017, 15:16

Өркен Азаматұлының өгей шешесі психдиспансерде емделген

Алматы облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында айуандықпен өлтірілген 11 жасар Өркен Азаматұлының ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бүгін басты күдікті - Өркеннің өгей шешесі Шәрипа Ақбердиевадан жауап алынды деп жазады Tengrinews.kz.

Ш.Ақбердиева өз балаларына Өркенді өлтір деп тапсырыс бермегенін айтып отыр.

"Мен балаларыма Өркенді өлтіріңдер дегенім жоқ. Оқиға болған кезде мен ұйықтап жатқан болатынмын. Тұрғанымда баланың үйде жоқ екенін білдім. Мен өзі ұлымнан Өркен қайда деп сұрағанымда, қашып кеткенін айтты. Шындығында оны Темір мен Қадыржан өлтіріп, Шымкентке кетіп қалған. Біздің Өркенді күтіп алғанымыз рас. Күйеуім мен енеме арамыз нашар болғандықтан бұл туралы айтқаным жоқ. Өркенмен келістім, менімен жүргенін әжесіне айтпайтын болды. Мен оларға баланы өлтіріңдер деп мүлдем айтқан жоқпын. Бәрі белгілі болғанда олармен хабарласып, Алматыға қайтыңдар дедім, кейін оларды ұстады", - дейді Өркеннің өгей шешесі сотта берген жауабында.

Шәрипа Ақбердиева уақытында жындыханада емделгенін де растады.

"Иә, мен 1994 жылы психиатриалық ауруханада емделдім, кейін ол жерден қашып кеттім. Әліге дейін дәрі ішемін", - деді ол.

Әйелдің айтуынша, ауылға ол пешті жөндеу үшін келген көрінеді. Ал, Өркенді кішкентай балаларға қарату үшін алып кеттім деп отыр.

Өз ұлы мен оның туысының баланы өлтіруге қандай себебі болғанын судья сұрағанда, Ақбердиева дұрыстап жауап бере алған жоқ.

"Бірде мен енеме ақша сұрап бардым. Ол маған айқайлап ұрысты, кейін стол үстіне мың теңге тастай салды. Мұнан кейін мен ренжіп, өлтіргім келгенімді ұлым мен Қадыржанға айттым. Олар келісе кетті. Бірақ, өлтіре алмадық. Ал, Өркенді олар өлтіру үшін аңдып жүрген жоқ, мен оларға балаға қарап жүріңдер деп айтқам. Олар Өркенің өгей балам екенін білмейтін, өз ұлым шығар деп ойлайтын", - деді Шәрипа Ақбердиева.
Ол өзінің қылмысқа қатысы жоқ екенін айтып, ақталып бақты. Сотта сондай-ақ, Ақбердиеваның тағы бір күдікті Гулямовқа және өзінің қызы Айданаға жазған хаттары сот ісіне тіркелетіні айтылды.

"Хатта ол Гулямовқа кінәнің бәрін Темірге, яғни ұлына жап деп жазған. Екінші көлемді хатты ол қызы Айданаға жазған. Қызы кінәнің бәрін Гулямовқа жауып, анасының кінәсіз екенін айтуы тиіс болған. Ол осылайша өзге күдіктілерді бір-біріне айдап салған. Ол кімнің не айту керек екенін толық көрсетіп, өзіне шаң жуытпаудың амалдарын жасаған. Бұл хаттарды ол өз қолымен тапсырған. Қадыржан ол хатты ГАЗельде болғанда алғанын айтып отыр", - деді Өркеннің әжесі Айман Омарова.

Қорғаушылар болса судьядан Шәрипа Ақбердиеваның ақыл-есі сау екенін қайта тексертіп көруін сұрап отыр. Бірақ, жәбірленуші тарап бұған қарсы. Олар Өркеннің өгей шешесі жазадан құтылып кете ме деп алаңдаулы.

Еске салайық, бала 19 қаңтарда жоғалып кеткен болатын. Бұл туралы оның әжесі хабарлаған. 22 қаңтарда түнде Өркен Азаматұлының мәйіті Алматы маңындағы саяжайдың жертөлесінен табылған.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші