Серік Ахметов түрмеден шықты

21.09.2017, 10:02

Серік Ахметов түрмеден шықты

Серік Ахметов түрмеден шықты informburo.kz

Қазақстанның экс-премьері Серік Ахметов түрмеден босатылды деп жазады Tengrinews.kz. Оны колония алдынан туыстарымен бірге БАҚ өкілдері де күтіп алған.

Серік Ахметов түрмеден шыға салысымен туыстарымен бірге көлікке отырып жүріп кеткен. Кетерінде ол тілшілерге үйіне бара жатқанын ғана айтыпты.

Еске салайық, Серік Ахметов жазасын Қарағанды облысындағы Қарабас ауылында орналасқан АК159/18 түрмесінде өтеген болатын. Сот оны жемқорлықпен айналысып, қызметін асыра пайдаланды, ірі көлемде пара алды, сеніп тапсырылған қаражатты талан-таражға салды, кәсіпкерлікпен заңсыз айналысты деп айыптап, 10 жылға бас бостандығынан айырған.

Өз кезегінде С.Ахметов мемлекет есебіне 2,2 млрд теңге аударып, өзі келтірген шығынның орнын толтырды. Осыған байланысты сот оның жаза мерзімін он жылдан 8 жылға дейін қысқартқан еді. Ал, биыл қаңтар айында экс-премьер амнистияға ілініп, оның мерзімі тағы қысқарды. Енді Серік Ахметов қалған бір жарым жылдай жазасын үйінде өтейтін болады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші